Иран АҚШ-тың жойғыш ұшағына соққы жасады

Қаракөз Амантай 20 мар. 2026 14:06

CNN арнасының мәліметінше, әскери тапсырмамен ұшып шыққан америкалық ұшақ Иран аумағында зақымданған. Салдарынан F-35 ұшағы апатты жағдайда жерге қонған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл - қақтығыс басталғалы бері Иранның америкалық әскери ұшаққа алғаш рет соққы жасауы.

Өз кезегінде Иранның IRNA агенттігі әуе нысанасының жойылған сәтін көрсететін кадрларды жариялап, оның F-35 жойғыш ұшағы екенін мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove