Қазақстандағы стоматологиялар жаппай тексеріліп жатыр

Көркем Алдабергенова 20 мар. 2026 11:41

Қазақстандағы стоматологиялар жаппай тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елімізде 622 стоматологиялық мекеме тексеруге алынған. Оның 392-сінде тексеру аяқталған.

Тексеру қорытындысы бойынша 103 клиниканың заң талаптарына сай жұмыс істеп жатқаны анықталды. Ал 174 клиника өз қызметін тоқтатқан. Соның ішінде 56 мекеме лицензиясын өз еркімен тапсырған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай шаралар пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық қызмет сапасын бақылау мақсатында жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove