Лудоман эколог: Атырау облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойын үшін жұмысынан айырылды

Сағыныш Сардарова 20 мар. 2026 13:00

Атырау облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойын үшін жұмысынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартты.

Мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан. Ол қадағалау актісі негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылған.

Одан бөлек, Экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас маманы заңнаманы (ӘҚБтК-нің 498-бабы "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар") бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove