Алматыда биыл Наурыз мейрамы ерекше ауқымда атап өтілуде. 14 наурыздан басталған «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында қала бойынша 200-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Ал негізгі мерекелік күндер – 21-23 наурыз аралығында алматылықтар мен қала қонақтарын концерттер, көрмелер, театрландырылған қойылымдар мен ұлттық дәстүрлерге негізделген жарқын бағдарламалар күтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Негізгі мерекелік алаңдар
Мерекенің басты орталықтары:
-
Астана алаңы
-
Абай алаңы
-
Панфилов көшесі
-
Жібек жолы жаяу жүргіншілер аймағы
Сонымен қатар қаладағы барлық аудандарда да мерекелік іс-шаралар өтеді.

Аудандардағы мерекелік бағдарламалар
21 наурыз күні әр аудан өз алаңында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды:
-
Алатау ауданы – Almaty Arena
-
Алмалы ауданы – Ганди саябағы
-
Әуезов ауданы – Сайран көлінің батыс жағалауы
-
Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент саябағы (21–22 наурыз)
-
Жетісу ауданы – Алматы ипподромы
-
Медеу ауданы – Пушкин көшесі
-
Түрксіб ауданы – Сейфуллин саябағы
-
Наурызбай ауданы – №221 мектеп аумағы
21 наурыз: мерекенің шарықтау сәті
Сағат 11:00-ден 22:00-ге дейін Астана алаңы ұлттық мәдениет пен заманауи өнер тоғысқан үлкен сахнаға айналады.
Қонақтарды:
-
гала-концерт
-
театрландырылған қойылымдар
-
интерактивті аймақтар
-
тақырыптық көрмелер күтеді
Сахнада танымал өнер жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Кештің арнайы қонағы – әзірбайжандық әнші Роза Зергерли.
6 ерекше киіз үй
Алаңда ұлттық және заманауи мазмұндағы 6 тақырыптық киіз үй тігіледі:
-
«Ұлы дала әуені» – музыкалық мұра
-
Робо-киіз үй – технологиялар әлемі
-
Digital 360 – виртуалды саяхат
-
«Сақ мұрасы» – археологиялық көрме
-
«Дәстүр коды» – этно-дизайн
-
«Мұра» – поэзия және театр
Абай алаңы – мәдени орталық
Абай алаңында күні бойы концерттер, көрмелер, фестивальдер мен спорттық ойындар өтеді.
Сонымен қатар Түркі әлемі елдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, шетелдік және отандық қолөнер туындылары ұсынылады.

Панфилов пен Жібек жолы – заманауи формат
Бұл аймақта:
-
Robo DJ шоу
-
этно-концерттер
-
жарық шоулары
-
караоке алаңдары
-
LED-туннель
-
ашық аспан астындағы көрмелер өтеді
Сондай-ақ, 21-22 наурыз күндері «КітапFest-2026» фестивалі ұйымдастырылады.
22 наурыз: концерттер мен халықтық серуен
22 наурыз күні мереке жалғасын табады.
Астана алаңы:
-
концерттер
-
көрмелер
-
көпшілік серуен
Абай алаңы:
-
танымал әншілердің қатысуымен концерт
Панфилов көшесі:
-
дәстүрлі музыка
-
қуыршақ театры
-
жарық шоулары

23 наурыз: мерекенің қорытынды күні
Соңғы күні Астана алаңында концерттер, Абай алаңында үлкен мәдени бағдарлама, ал Панфилов көшесінде шоу-бағдарламалар өтеді.
Бұл күні де эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй жалғасады.
Қосымша іс-шаралар
-
«Наурыз шоу» циркі (21–25 наурыз, «Алатау» театры аумағында)
-
Метро станцияларындағы фотокөрмелер
-
«Ұлы даланың ғажайыптары» этно-көрмесі
Маңызды ақпарат
Мерекелік іс-шараларға байланысты:
-
20–21 наурыз күндері Омаров көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Қала тұрғындарына маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Биыл Алматыдағы Наурыз – дәстүр мен заманауи мәдениетті ұштастырған, ауқымы кең, мазмұны бай мереке болмақ. Қала бірнеше күн бойы үлкен мәдени алаңға айналып, әрбір тұрғын мен қонаққа ұлттық рухты сезінуге мүмкіндік береді.
