19 адам жауап береді: Атырауда жедел жәрдем фельдшерінің өліміне қатысты іс сотқа жетті

Сағыныш Сардарова 20 мар. 2026 10:39

Атырауда 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Азамат Асылбековтің өліміне байланысты 19 адам сот алдында жауап береді. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеп.

Тергеу нұсқасына сәйкес 2025 жылы 16 тамызда "Ляпиза" мейрамханасында өткен тойда жастар арасында жанжал шығып, ол кейін төбелеске ұласқан. Артынша екі тарап түнде кездесіп, мәселені шешуге уағдаласқан.

"Түн ортасында Химпоселок маңындағы бос жерде екі топ жиналған. Кейбірі қару әкеліп, соның салдарынан атыс басталған. Оқтың бірі фельдшерге тиіп, ол оқиға орнында көз жұмған. Кейін қатысушылар тарап кетіп, қаруды жасыруға тырысқан", - деп жазылған мәліметте.

Күдіктілерге кісі өлтіру, бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау баптары бойынша айып тағылған. Олардың бір бөлігі тергеу изоляторында, енді бірі үйқамақта отыр.

Сонымен қатар, қақтығыстың екінші тарабына, яғни қаза тапқан фельдшердің достарына қатысты да сот процесі жалғасып жатыр. Тергеу дерегінше, олар да қару қолданған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove