Атырауда жоғалған отбасы: кісі өлтірді делінген күйеу балаға тағы бір айып тағылды

Ақтоты Жапатова 21 мар. 2026 14:14

Атырау облысының прокуратурасы Жангелдин ауылында болған Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Сұлтан Сәрсемалиевке тағылған айыптар тізіміне жаңа бап қосылды: қазір оған кісі өлтіруден бөлек, мүлікті ұрлау және алдау фактілері бойынша да іс қозғалған, деп хабарлайды Dalanews.kz  "Tengrinews.kz"-ке сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, тергеу барысында малды сату және отбасы мүлкін ұрлау бойынша бөлек қылмыстық істер тіркелген. Ал қазіргі уақытта алдау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, бірақ толық ақпарат жарияланбады.

Сондай-ақ, тергеу барысында күдіктінің әйелі, Қарабалиндердің қызы Ақбаян Мұқанғалиева, сот-медициналық психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтіп жатыр. Қазіргі кезеңде оның әрекеттеріне заңдық баға берілмеген. Сараптама нәтижелері мен барлық тергеу әрекеттері аяқталған соң ғана күдіктілердің құқықтық статусы анықталады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove