Жаңаөзенде сегіз ай бұрын жоғалған мұғалім әлі табылмай жатыр

Ақтоты Жапатова 21 мар. 2026 15:00

Жаңаөзен қаласында 47 жастағы мұғалім Дина Жарылғасова сегіз айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен. Жақындарының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында үйінен шыққан әйел сол күйі қайта оралмаған, деп хабарлайды Dalanews.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Туыстарының сөзінше, келіншек сол күні Бекет ата жерасты мешіті барып, құран бағыштағысы келгенін айтқан. Қыздары анасын таңертең бірге шығуға көндірмек болғанымен, ол жалғыз өзі кетіп қалған. Ең алаңдатарлығы — әйел ұялы телефонын да үйде қалдырған.

Кейін такси жүргізушілері ұстазды Қызылсай ауылы маңынан көргендерін жеткізген. Алайда аталған аумақта жүргізілген іздестіру шаралары нәтиже бермеген.

Жоғалған азаматтың 13 және 23 жастағы қыздары іздеу жұмыстарының қайта жандануын сұрап отыр. Олардың айтуынша, анасы кластастарымен жақсы араласқан, ешкіммен ашық жанжалы болмаған.

Несібелі Қобылан, жоғалған әйелдің қызы, анасының соңғы кезде таныстарымен араласқанын айтып, оның белгісіз жағдайда жоғалып кеткеніне алаңдаушылық білдірді. 

"Таңертең барайық дегенге арамызда жанжал туындады. Өкпемен кеткен болсаңыз, бәрін бірге жеңеміз, бірге өтеміз, көреміз", - деді жоғалған мұғалімнің қызы.

Қазіргі таңда туыстары құқық қорғау органдарынан істі қайта қарап, қосымша іздестіру күштерін тартуды сұрап отыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove