Ақмола облысында жүргізуші көлікте ұйықтап, көміртегі тотығынан уланып қалған

Ақтоты Жапатова 21 мар. 2026 12:46

Ақмола облысында полицейлер көміртегі тотығымен уланған жүргізушіні құтқарып қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оқиға 20 наурыз күні таңертең Астана — Петропавл автожолында болған.

"Сағат 07:00 шамасында полиция қызметкерлері капоттың астынан қалың түтін шыққан Газель көлігін байқаған. Олар бірден көлікті тексеруге кіріскен, алайда ішінде отырған адам жауап бермеген. Сондықтан инспекторлардың бірі терезені сындыруға мәжбүр болды. Көлік ішінде ес-түссіз жатқан жүргізуші анықталды", - делінген хабарламада.

Полицейлер азаматты дереу таза ауаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 22 жастағы жүргізуші қозғалтқышы қосулы көлікте ұйықтап қалып, көміртегі тотығымен уланып қалған. Қазіргі уақытта азаматтың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция тұрғындарға автокөлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove