Алматыда жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тапты

Ақтоты Жапатова 21 мар. 2026 10:51

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні сағат 03:30 шамасында Медеу ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr автокөлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатып, Меңдіқұлов көшесімен қиылыста қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан шығыс бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Жол апатының нәтижесінде Mercedes көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove