Қымбат металдар нарығында күтпеген құбылыс байқалды

Қаракөз Амантай 23 мар. 2026 11:13

Бірнеше сағат ішінде әлемдік қаржы нарығында ерекше жағдай тіркелді. Бар-жоғы 3 сағаттың ішінде алтын мен күмістің нарықтық капитализациясы шамамен 2 триллион долларға қысқарған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы уақытта мұнай бағасы күн ішіндегі өсімін толық жоғалтты, ал АҚШ-тың қор нарығына қатысты фьючерстер қайтадан оң аймаққа жақындай бастады.

Сарапшылардың айтуынша, Иранмен байланысты шиеленіс басталғалы бері мұндай жағдай сирек кездеседі. Әдетте мұнай мен акциялардағы өзгерістер алтын бағасының өсуіне әсер ететін. Ал бұл жолы керісінше жағдай байқалып отыр.

Бұған не себеп болуы мүмкін?

Мамандар мұны нарықтағы ірі ойыншылардың бірін мәжбүрлі түрде позициясын жабуға итермелеуімен байланыстырады. Яғни активтерді жаппай сату бағалардың күрт және ретсіз құбылуына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірісі 4,40%-ға дейін өсіп (кейінгі үш аптада +45 базистік пункт), түрлі активке қысым түсіріп отыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove