Қазақстандық блогер Ресейде қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 17 дек. 2024 10:21 1082

Қазақстандық блогер Даша Дошикке Ресейде салықтық тексеріс қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Даша Дошик деген лақап атпен танымал блогер және әнші Дарья Пероваға қатысты Ресейде салықтық тексеріс жүргізілуі мүмкін.

Mash арнасының ақпаратына сүйенсек, Қазақстандық инфлюенсер Ресейде концерттер өткізіп жүріп, жергілікті салық заңнамасын айналып өтпек болған.

Мәліметке сәйкес, Перова Ресейдің Федералдық салық қызметіне тіркелмеген. Оның орнына барлық ұйымдастыру мәселелерін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген көмекшісі шешеді.

Көмекшісі қолданатын жеңілдетілген салық жүйесінің арқасында табысынан бар болғаны 6% салық төленеді, ал резидент еместер үшін бұл мөлшерлеме 30%-ды құрайды. Арна деректеріне сүйенсек, бір концерттің құны 1,7 млн рубльді құрайды.

Mash дереккөздеріне сілтеме жасаған салық құқығы бойынша сарапшылар мұндай схемалардың ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтеді.

Егер үш жыл ішінде төленбеген салық сомасы 2,7 млн рубльден асып кетсе, тиктокерге әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жауапкершілік те жүктелуі мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости