Белсенді Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты

Сағыныш Сардарова 20 мая 2025 15:37

Белсенді Марғұлан Боранбай бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи мәлімдеді.

"Елдің егемендігіне, қазақтың намысына араша түсемін деп, сотты болған Марғұлан бауыр Боранбай төрт жылдан соң түрмеден шығып, ағасына амандасуға келіпті. Өткен күзде Серікжан екеуіміз колонияға, Марғұлан марқасқаға барғанымызда: "УДО"-ға шығуға көмектесейік..." деп едік. "Ешкімнен кешірім сұрайтындай кінәм жоқ, отсижу от звонка до звонка" деген-ді сонда қазақтың намысын шовенист-ватниктерден қорғаймын деп, нақақ жаламен абақтыға қамалған мінезді Марғұлан. "Қазақтың нағыз ұлтшыл патриоты кім?" деп әлдекім сұрай қалса, ойланбастан осы оғыланды атаңыздар! Ешқашан қателеспейсіз, Марғұлан сізді қателестірмейді! Кәміл сенемін! Аман бол, алтын бауырым!" - деп жазды ол.

Айта кетейік, Марғұлан Боранбай бес жыл бұрын қамауға алынып, 2022 жылы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігі ("ұлтаралық араздықты қоздыру") және 179-бабының 2-бөлігі ("билікті күшпен басып алуға шақыру") бойынша кінәлі деп танылған болатын. 

Марғұлан Боранбайдың айыпталуына әлеуметтік желілердегі жазбалары себеп болған. Ол ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты мәлімдемелеріне қарсы пікір білдіріп, Ресейдің Украинаға басып кіруін сынға алған.  


Рекомендовать
Последние новости