Қазақстанда есірткі қылмысымен айналысқан 50-ге жуық жасөспірім ұсталды – ІІМ

Қаракөз Амантай 19 дек. 2024 13:45 929

Қазақстанда есірткі қылмысына байланысты 49 жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бүгінгі таңда есірткі қылмысына қатысты 49 жасөспірім ұсталды. Қазіргі уақытта ҚАЖК (Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті) мекемелерінде 9 жасөспірім қамауда отыр. Олар сотталмас бұрын ешқандай есепте болмаған. Қылмысты ақша табу мақсатында жасаған”, – деді Әділов.

Оның айтуынша, жасөспірімдерге арналған жалғыз колония Алматы қаласында орналасқан.

“Колонияға түскен күннен бастап олардың арасында профилактикалық іс-шаралар өткізіледі: есірткі қолданудың салдары туралы дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылады. Сонымен қатар наркологтар, психиатрлар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады. Жасөспірімдерге арналған профилактика бағдарламасы білім беру, медициналық және оперативті шараларды қамтиды. Мұның барлығы олардың оңалуына бағытталған”, – деп толықтырды Әділов.


Рекомендовать
Последние новости