Екібастұздағы “Богатырь Көмір” кенішінде бір жұмысшы қаза тапты

Қаракөз Амантай 24 нояб. 2025 15:21

22 қараша күні “Богатырь Көмір” кенішінде өндірістік жұмыстарды орындау кезінде электрослесарь қаза тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кәсіпорын өкілдерінің мәлімдеуінше, оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

“Богатырь Көмір” ЖШС марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, — деп мәлімдеді олар.

Облыстық Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті де бұл жағдай бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.

Алдын ала деректерге сүйенсек, электрослесарь жұмыс істеп жатқан нысанға электр қуаты мерзімінен бұрын берілген. Қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан қызметкер оқиға орнында қаза тапқан.

Айта кетейік, 1994 жылы туған жас қызметкер туған күніне небәрі үш күн қалғанда ажал құшты.


Рекомендовать
Последние новости