Берік Әбдіғалиұлы аудан әкімдерін сайлау мәселесін қайта қарауды ұсынды

Dalanews 22 нояб. 2025 10:58

Саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы «Abay Live» подкастында аудан әкімдерін сайлау жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Оның айтуынша, ауыл әкімдерін сайлау қоғамда бұрыннан көтеріліп жүрген мәселе болатын, қазіргі реформалар сол қоғамдық сұраныстың нәтижесі екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz

Спикер соңғы жылдары елде демократиялық процестер жанданып, халықтың саяси белсенділігі артқанын жеткізді.Дегенмен, сайлаулардың тым жиі өткізілуі халықты шаршатқаны байқалады.

«Соңғы бір жылда ғана 6–7 аудан жаңа әкім сайлады. Бұл қаржылық жағынан да салмақ түсіреді: тек бір жылда бұл науқанға шамамен 1 млрд теңге жұмсалған», – деді саясаттанушы.

Ол сондай-ақ әкімнің бір жыл өтпей қызметтен кетуі жаңа сайлауды міндетті түрде талап ететінін айтты.

Бағдарлама соңында Әбдіғалиұлы аудан әкімдерінің жауапкершілігін арттыру үшін олардың мәслихатқа тәуелді болуын дұрыс деп санады. Оның айтуынша, аудан әкімдерінің сайлауын мәслихаттардың жүргізгені абзал. Жүргізушінің соңғы қойған сұрақтардың біріне Берік Әбдіғалиұлы ең бастысы аудан әкімдерінің жұмысы тиімді және нәтижелі болуы керек деп үн қатты. Аудандардағы мәслихат бұл өзін-өзі басқару жүйесі, жүргізіліп жатқан жұмысты халық тікелей және өздерінің мәслихаттағы өкілдері арқылы бақылау керекдеп қорытындылады өз сөзін белгілі қоғам қайраткері.


Рекомендовать
Последние новости