Әлеуметтік желіде қазақ атын әлемдік аренада шарықтатып жүрген әнші Димаш Құдайбергенге қатысты қызық жазба пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Желі қолданушысы Threads желісінде Димаш Құдайбергенмен ұшақта бірге отырғанын айтып, жазба жариялаған. Әншінің қарапайымдылығына таңғалған ол таңданысын жасырмаған.
Димаш Құдайберген ешқандай күзетсіз, жалғыз өзі сапарға шыққан.
"Аңыз адам, бірақ сондай қарапайым. Қасына отырғаныма, бірге суретке түскеніме қуандым", - деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары Димаштың бұлай жүруі қауіпті екенін айтқан.
"Жалпы Димаштың ешқандай қорғаушысыз, жалғыз жүруі - өте алаңдайтын жағдай.Оны қарапайым болған соң солай деп мақтанудың қажеті жоқ. Димаш қазақтың атын әлемге танытқан өте талантты әнші, неге Димашта жеке қауіпсіздігін қорғайтын қорғаушысы жоқ?! Осы қазақ неге сондай қамсыз?!Мәлкілдеген шалдарға бюджеттен қанша ақша шығарып, қорғаушы ұстаймыз, олардың қасында Димаш кім? Ойланатын жағдай!" - деді желі қолданушыларының бірі.
