ҚазАвтоЖол көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Көркем Алдабергенова 24 нояб. 2025 14:34

Қазақстанда жолаушы тасымалы кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының жиі бұзылуына байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы такси жүргізушілеріне арнайы үндеу жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компания соңғы уақытта жүргізушілердің көлікті басқара отырып, мобильді телефонды белсенді пайдалануы көбейгенін атап өтті. Бұл жағдай жолаушылардың өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Астана – Павлодар бағытындағы соңғы оқиғада кейбір жүргізушілер бірнеше сервиске қатар қосылып, жол үстінде тапсырыс іздеп, хабарлама жазып, әлеуметтік желілер мен видеоконтент қарап отырғаны анықталған.

«Мұндай әрекеттер жолаушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және Қазақстан Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңнамасын өрескел бұзу болып саналады», – деп мәлімдеді компания.

ҚазАвтоЖол ескерткен талаптар:

1. Көлік қозғалысы кезінде телефонды қолдануға тыйым салынады. Тек громкий связь режимі немесе жолдан көз аудартпайтын навигацияны қолдануға рұқсат.

2. Бірнеше такси сервисінде қатар жұмыс істеу жүргізушінің жолдан назарын аудармауы тиіс.

3. Жолаушы ескерту жасаған жағдайда жүргізуші дереу қауіпті әрекетін тоқтатуы қажет.

4. Қауіпсіздік талаптарын елемеу – айыппұл салу, сервис тарапынан бұғаттау немесе заң аясында жауапкершілікке тартуға негіз болады.

5. Жолаушының қауіпсіздігі мен көлікті апатсыз басқару – әрбір такси жүргізушісінің басты міндеті.

Компания жүргізушілерді кәсіби стандарттарды сақтауға, жолаушыларға құрметпен қарауға және тасымалдаудың барлық кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырды.

«Жауапкершілікті мінез-құлық қана жолаушылар сенімін арттырып, такси қызметінің сапасын көтереді», – деп атап өтеді ҚазАвтоЖол.


Рекомендовать
Последние новости