Ақтауда бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды

Асель Қайратқызы 24 нояб. 2025 14:25

Ақтауда бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Ақтауда полицейлер "жарылғыш зат қойылды" деген көрінеу жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды. 25 қазан Telegram  мессенджеріндегі "1414" арнасына Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полиция  терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — ауыр қылмыс, және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеретеді. Тұрғындарды расталмаған және жалған ақпарат таратпауға, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерден сақ болуға шақырады.


Рекомендовать
Последние новости