Атырауда Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан атындағы спорт кешені ашылды

Ақтоты Жапатова 24 нояб. 2025 15:12

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның атына спорт кешені берілді. Атырау қаласында салынған спорт орталығын кәсіпкер, спорт жанашыры Арман Тоғаев қаржыландырды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жеке демеушілердің қолдауымен бой көтерген спорт кешені заманауи спорт құрылғыларымен жабдықталған. Атырау қаласында ғы бұл жаңа спорт орталығы еркін күрестен Әлем чемпионы, Қазақстан чемпионы Ризабек Айтмұхан есімімен аталады.

Ашылу салтанатына көптеген күрес әлемінің шеберлері, спортқа еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткерлері арнайы қатысты. ҚР Мәжіліс депутаты, Олимпиада жүлдегерлері Дәулет Тұрлыханов құттықтауын жеткізіп, спорт жанашырларына алғысын білдірді.

Ол Атырау халқы үшін жастардың болашағы үшін шын жүректен қуанатынын және басқа өңірлер де осы бір бастаманы қолдайтынына сенім білдірді.

Грек-Рим және Еркін күрестен Әлем біріншіліктерімен, Азия және олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де ашылу салтанатына қатысты. Олардың сапында Юрий Мельниченко, Демеу Жадыраев, Нұрқожа Қайпанов, Айдос Сұлтанғали, Ризабек Айтмұхан, Болат Сақаев, Дәулет Ниязбеков сияқты боз кілем шеберлері келіп жобаны қолдап, шын жүректен қуанып қайтты.

“Мен шынымен де қуаныштымын, себебі елімізде бұндай жобалар аз. Осындай спорт кешендері дамып, тағы да көптеген чемпиондарымызды тәрбиелейтін спорт нысандары салына берсін. Бұл расында да болашақ чемпиондарды дамытуға өз септігін тигізгелі тұр. Атырау халқы үшін дән ризамын”,- деді Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев.

“Мен бұл спорт кешеннің салынғана өте қатты қуандым және қолдап келген және оны салуға атсалысқан ағаларға рахметімді айтамын. Айтайын дегенім, 2023 жылы мен чемпион болып келгенімде Арман Тоғаев ағам мені Атырауға шақыртып ел алдында: “Сен еркін күрестен тұңғыш чемпионсың, амандық болса сенің атыңа спорт кешенін салдыртамын” деген. Міне сол уәдесінде тұрып, осындай күрес академиясын ашты”,- дейді Ризабек Айтмұхан.

Спорт жанашыры Арман Тоғаев болашақ жоспарларын ортаға салды. Ол бұл тек бастамасы, еліміздің әр бұрышынан осындай кешендер салу ойымызда бар, деді. Ал Дәулет Тұрлыханов орталыққа автобус сыйлайтынын айтты.

Дінасыл Хамит


Рекомендовать
Последние новости