ҚР Ұлттық банк БЖЗҚ-дағы салымшылар ақшасын қараша айында қандай құралдарға инвестицияланғанын айтып, есеп берді, деп жазады Dalanews.kz.
Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 21 838,31 млрд теңгені құрады.
2024 жылы Ұлттық банк БЖЗҚ-дағы ақшаға орташа алынған кірістілік жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13,89% құрайтын, номинал құны бойынша 50,00 млрд теңге көлемінде "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-тың облигацияларын сатып алды.
Сондай-ақ өткен айда орташа алынған кірістілігі жылдық сыйақы мөлшерлемесі 13,20% болатын, номиналды құны бойынша 48,00 млрд теңге көлемінде ҚР Қаржы министрлігінің, кірістілігі жылдық сыйақы мөлшермесі 4,62% құрайтын, 68,45 млрд теңге көлемінде АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздары да алынды.
2024 жылы қарашада 99,98 млрд теңге көлемінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ облигациялары, сол секілді 20,00 млрдтеңге көлемінде "Kaspi Bank" АҚ депозиттері өтелді. Қарастырылып отырған кезеңде 14,48 млрд теңге көлемінде "Қазатомпром" ҰАК" АҚ депозитарлық қолхаттарының бөлігі сатылды.
Айта кетсек, 2024 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кіріс көлемі 2,82 трлн теңгені құрады. 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген соңғы 12 ай үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,40% болғанда 16,97% құрады. 2024 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 14,85% құрады.