Қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы - БЖЗҚ мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 04 апр. 2024 12:32 2282

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ қазақстандықтардың жеке деректерінің таралып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. "БЖЗҚ" АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ-дан деректердің тарап кетуі туралы пайда болған ақпаратқа байланысты жүргізген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруі барысында Қор тарапынан бұзушылықтардың анықталмағандығын хабарлайды", - деп жазылған ресми хабарламада.

Еске салайық, биыл 16 ақпанда белгісіз біреулер GitHub ресурсында қазақстандықтардың 2019-2022 жылдардағы жеке деректері жариялаған болатын. Мұнда қазақстандық байланыс операторларының абоненттері туралы ресми ақпараттары бар, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, "Эйр Астана" АҚ аталды.

Осылайша Цифрлық даму министрлігі аталған компанияларды тексерген еді.

Министрлік оқиғаға қандай да бір мемлекет немесе ұйымның қатысы жөнінде ведомствода бұлтартпас дәлел жоғын алға тартты.

Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы да жолаушылардың жеке деректерінің қауіпсіз сақталған деген ақпарат таратты.


Рекомендовать
Последние новости