Қазақстандық журналист Чеботарев Украинаның "қара тізіміне" енгеніне қатысты пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 23 мая 2024 13:30 4532

Қазақстандық журналист Андрей Чеботарев Украинаның "қара тізіміне" кірді деген ақпарат тараған еді. Дереккөздер оған қатысты ақпарат "Миротворец" сайтының базасына енгізілгенін жазды.

Чеботарев Dalanews.kz порталына осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Мұны жалған ақпарат деп санаймын және бұл істі анықтаймын. Менде екі негізгі ақпараттық арна бар - біздің орталықтың сайты және менің телеграм арнам. Өздеріңіз де көре аласыздар. Онда Украинаға қарсы ештеңе жоқ.

Мен Украина емес, Қазақстан мен Орталық Азияның саяси даму мәселелері бойынша зерттеумен және Бұл - не жалған ақпарат, не арандатушылық. Бұл жағдайды анықтауым керек", - деді ол.

Алайда Украинаның ұлттық қауіпсіздік, бейбітшілік, азаматтардың қауіпсіздігі негіздеріне қарсы қылмыстарды зерттеу орталығының интернет-өкілдігінде Чеботаревтің деректері шығып тұр.

Бұған журналист "бұл мәселемен айналысамын", - деп жауап берді.

Бұған дейін дереккөздер Андрей Чеботарев Ресейдің "Ритм Евразии" атты пропагандалық басылымының штаттан тыс тілшісі екенін айтып, онда Қазақстанның ішкі саясатына қатысты мақалалар да жарияланатынын жазды. Чеботарев ТМД елдері туралы тапсырыспен материалдар жазатыны туралы да деректер бар.

"Чеботаревтің бұл тізілімге қосылуы оның Украинаға қарсы ақпараттық операцияларға белсенді қатысуына байланысты болып отыр. Сонымен қатар, журналист Қазақстан, Украина және ТМД-ның басқа мемлекеттеріне қатысты ақпаратты манипуляциялауға маманданған "Бараева", "ТМД компроматы", "Взгляд на Восток" және т.б. сияқты бірқатар арна арқылы жалған ақпарат таратумен жүйелі түрде айналысады", - деп жазылған kazpress.kz дерегінде.

Сонымен қатар, тізімге "Ритм Евразии" басылымының басқа қызметкерлері де енген деген ақпарат бар. Олардың ішінде Рубцов Юрий, Намовир Илья, Морозов Антон секілді журналистер аталады.


Рекомендовать
Последние новости