Қазақстанда қылмыстық топтың соңғы мүшесі 26 жылдан кейін қолға түсті

Қаракөз Амантай 30 янв. 2024 15:38 4276


Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Polisia.kz сайтына сілтеп.



Банда мүшелерінің есебінде төрт адамды өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау деректері бар. 6 адамнан тұратын топ қылмыстарды 26 жыл бұрын жасай бастаған.



"1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан.1999 жылы банданың төрт мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Кейіннен сот үкімі бойынша, олардың екеуі өлім жазасына, екеуі ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.



Рекомендовать
Последние новости