2024 жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болады?

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2024 15:34 3532


Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев 2024 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде қандай өзгерістер болатынын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Биыл ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады.

2024 жылы "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берген. Сонымен қатар, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылған.



"ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды" - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.




Рекомендовать
Последние новости