Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерлеріне 4,4 миллиард теңге қарыз, деп хабарлайды Dalanesws.kz.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 277 кәсіпорынның 18,7 мың жұмысшысы жалақыларын ала алмай отыр.
“Осы кәсіпорын басшыларына 249 орындау міндетті нұсқама берілді. 50,3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. 17,5 мыңнан астам жұмысшының құқықтары қорғалып, оларға 3,4 миллиард теңге төленді”, – делінген хабарламада.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5039 тексеру жүргізіп, 7583 заңбұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
еңбек саласында – 5723;
еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша – 1793;
халықты жұмыспен қамту саласында – 67.
Жұмыс берушілерге 2998 нұсқама беріліп, 371 миллион теңге көлемінде 3359 әкімшілік айыппұл салынды.