Талғат Қуанышев ForteBank басқармасының басшысы болды

Кәмшат Тілеухан 06 дек. 2024 14:22 1429

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 6 желтоқсанда Талғат Қуанышевтың "ForteBank"АҚ Басқарма ТөрағасыБасқарма мүшесі лауазымына келуіне келісімін берді, деп жазады Dalanews.kz.

Бүгін ҚНРДА сайтында осындай ақпарат жарияланды. Оның бұл лауазымға тағайындалатындығы туралы БАҚ-тарға 1 қарашада белгілі болдыБұған дейін ол банктің директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Талғат Қуанышевтің банк секторында 30 жылдан аса, сондай-ақ M&A-да келісімдер жүргізу бойынша да тәжірибесі бар. Оның үстіне бүгінгі таңда ол Қазақстан резиденті болып табылмайды. АҚШ азаматтығын алғанына біраз жыл болған. Forbes.kz мәліметінше, ол Қазақстанда болу үшін жұмыс визасын жасатқан, әзірге үш жылға.

Айта кетсек, ForteBank активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы банктер арасында бесінші орында. 1 қазандағы жағдай бойынша көрсеткіш 4,1 трлн теңгеге тең. Банктің үш айдағы пайдасы 113,3 млрд теңгені құрады. Оның акцияларының 89,01%-ы Болат Өтемұратовқа тиесілі.


Рекомендовать
Последние новости