Қазақстан банктерінің 2024 жылғы 1 желтоқсандағы таза пайдасы 1 қарашамен салыстырғанда 236 млрд теңгеге өскен. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“2024 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан банктерінің таза пайдасы 2,3 трлн теңгеден асты, бұл 1 қарашадағы 2,1 трлн теңге көрсеткішінен жоғары”, – делінген жұма күні жарияланған есепте.
Ұлттық банктің мәліметінше, 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін банктердің салық салуға дейінгі таза табысы 2,7 трлн теңгені құраған. Ал банктердің жалпы кірісі 60,2 трлн теңгеге жеткен:
сыйақы алумен байланысты емес кірістер – 53,46 трлн теңге;
• сыйақы алумен байланысты кірістер – 6,7 трлн теңге.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жуықтағаны туралы жазған едік.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 9 еншілес банктер.
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторының активтері көбінесе банктердің несие портфелінің 33,8 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға және өтімділігі жоғары активтерінің 17,7 трлн теңгеге 0,3%-ға (жиынтық активтердің 30,3%-ы) өсуі есебінен ағымдағы жылғы қазанда 0,6%-ға немесе 345 млрд теңгеге ұлғайып, 58,5 трлн теңге болды (2024 жылдың басынан 13,6%-ға немесе 7,0 трлн теңгеге өсу).
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қазанда 1,3%-ға 31,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 14,3%-ға өсу). 2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша экономикаға берілген кредиттердің жалпы құрылымында ұлттық валютада берілген кредиттер 1,2%-ға 29,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валютамен берілген кредиттер 1,6%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қазанда негізінен 2,6%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін инвестицияларға және 0,9%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін негізгі қорлар сатып алуға берілген қарыздардың өсуі есебінен 0,3%-ға 12,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан 7,7%-ға немесе 870 млрд теңгеге өсу.
Бизнес субъектілері санатының бөлінісінде ірі бизнеске кредиттер 2024 жылғы қазанда телекоммуникация және құрлық көлігі саласындағы ірі қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеулерінің жалғасуына байланысты 0,4%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан 2,7%-ға өсті) төмендеді. ШОБ-қа қарыздар бір айда негізінен автомобиль шығару секторында шағын кәсіпорындарға айналым қаражатын толтыруға кредиттер беру есебінен 5,9 трлнтеңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан 3,0%-ға өсу). Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 2024 жылғы қазанда 2,1 трлн теңгеге дейін 2,6%-ға өсті (2024 жылдың басынан 37,7%-ға өсу).