Қарағанды облысының бірнеше аймағында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Көркем Алдабергенова 21 мая 2024 10:22 2058

Қарағанды облысының Шахтинск және Саран қалаларында, Абай және Бұқар-Жырау аудандарында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шахтинск қ., Абай мен Бұқар-Жырау аудандарында қызмет көрсететін «Расчетный сервисный центр» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 45,85 теңгеден 41,26 теңгеге дейін яғни 10%-ға төмендету туралы хабарлама берді.

Осындай хабарламаны Саран қ. қызмет көрсететін «Энергоуголь ХХІ» ЖШС де берді, ол 1 кВт/сағатына 47,90 теңгеден 43,13 теңгеге дейін 10% - ға төмендетті.

Төмендетілген тарифтер 2024 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.

Еске сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізді.

Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Расчетный сервисный центр» ЖШС және «Энергоуголь ХХІ» ЖШС) ауысуына болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті.

Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Шахтинск қаласының, Абай және Бұқар-Жырау аудандарының заңды тұлғаларының «Расчетный сервисный центр» ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Саран қаласының заңды тұлғаларының «Энергоуголь ХХІ» ЖШС-мен сол сияқты тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Туындаған сұрақтар бойынша «Расчетный сервисный центр» ЖШС-на жүгінуге болады:

  Заңды тұлғалар үшін:

  • Қарағанды қ., Лободы көш., 35Б ғимарат, телефон 8-7212-90-01-64;
  • Шахтинск қ., Ленинградская көш., 69 үй телефон 8-72156-3-73-29;
  • Абай қ., Абай көш., 32А үй, телефон 8-72131-4-49-48.

Сондай-ақ «Энергоуголь ХХІ» ЖШС:

  • Саран қ., Победы көш., 28А үй 11, телефон: 8-72137-7-69-40.

Рекомендовать
Последние новости