"Қамқор" несиелік серіктестігі" ЖШС-ның лицензиясы екі айға тоқтатылды. Бұған фирманың пруденциальды нормативтерді бұзуы түрткі болған, деп жазады Dalanews.kz.
"ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы 03 желтоқсандағы № 6 бұйрығына сәйкес, "Қамқор" Несие серіктестігі" ЖШС микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы екі ай мерзімге тоқтатылды", делінген ҚНДРА хабарламасында.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болғаны да нақтыланады.
Бұған дейін 2024 жылдың барысында қаржы пирамидалары ел азаматтарын 20 млрд теңгеге шығынға ұшыратқанын жазған болатынбыз.