Қаржы пирамидалары биыл ел азаматтарын 20 млрд теңгеге шығынға ұшыратқан - ҚМА

Кәмшат Тілеухан 09 жел. 2024 16:41 557

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жыл басынан бері ел азаматтарын 20 млрд теңгеден аса шығынға ұшыратқан қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеген, деп жазады Dalanews.kz.

Бүгінгі таңда қаржы пирамидалары келтірген 20 млрд теңге залалдың 13 млрд теңгеден астамы өтелді.

Алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған "Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл" арнайы жобасы енгізілді.

"Ағымдағы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған. Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды", деп нақтылайды ҚМА.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар