Астанада жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті

Астанада жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті
Фото: видеодан скрин

Астанада жүк көлігі велосипед мінген жасөспірімді қағып кетті. Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған велосипед тізгіндеген жасөспірімді қағып кеткен.

Салдарынан бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік айыптұраққа қойылған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.