Олимпиада жеңімпаздарына 6,4 млн теңгеге дейін төленеді

Олимпиада жеңімпаздарына 6,4 млн теңгеге дейін төленеді
pixabay.com

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткені үшін қомақты ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Биылғы оқу жылында ел оқушылары халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 1026 медаль жеңіп алды.  

Мемлекеттік сыйақы көлемі медаль түріне қарай белгіленген:

  • алтын медаль үшін – 6,4 млн теңге (1500 АЕК);
  • күміс медаль үшін – 4,3 млн теңге (1000 АЕК);
  • қола медаль үшін – 2,1 млн теңге (500 АЕК).  

Биыл қазақстандық жас математиктер ерекше көзге түсті. Ел құрамасы Вильнюсте өткен European Mathematical Olympiad жарысында үздік нәтиже көрсетсе, Balkan Mathematical Olympiad байқауында өңірдегі мықты құрамалардың қатарына енді.

Сонымен қатар оқушылар АҚШ-та өткен Regeneron ISEF халықаралық ғылыми жобалар көрмесінде өз жұмыстарын таныстырып, арнайы марапаттар мен шетелдік университет гранттарын иеленді.

Айта кетейік, ақшалай марапаттар тек оқушыларға ғана емес, жеңімпаздарды дайындаған педагогтерге де қарастырылған. Алтын медаль иегерін дайындаған ұстаздарға қосымша төлем беріледі.