"Қасым-Жомарт Тоқаев әскери-саяси және санкциялық текетірес салдарынан ушығуы мүмкін халықаралық ахуалға шұғыл әрекет ету қажет екенін айтты. Бұл үшін дағдарысқа қарсы жедел шаралар жоспары қабылданады", - делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.
Мемлекет басшысы ықтимал экономикалық қауіп пен өзге де қатерлердің алдын алу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ, президент премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі және басқа да ведомство басшыларының баяндамаларын тыңдады.
Президенттің баспасөз-хатшысы Тоқаевтың Украина төңірегіндегі жағдайды бақылап отырғанын айтқан.
"Президент Украина төңірегіндегі жағдайдың өрбуін мұқият қадағалап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен кездесу барысында талқыланды. Біздің елдің президенті ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөзді жалғастыруды қолдайтынын жеткізді", - деген еді Берік Уәли.
...
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтер алдында еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Донецк және Луганск халық республикаларына қатысты пікірін білдірген.
"
Өздеріңіз білесіздер, қазір жағдай шиеленісіп бара жатыр. Кеше Ресей президенті Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындау туралы шешім қабылдады. Сондықтан қазіргі жағдай өте күрделі. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр", - деп жауап берді Тілеуберді үкімет кулуарында.
Журналистер "Қазақстан екі республиканың тәуелсіздігін мойындай ма?" деп сұрады.
"Ондай мәселе тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздері мен БҰҰ ұстанымдарын ұстанамыз", - деді министр.
"Бейтараптықты сақтайсыздар ғой?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.
"Әрине", - деді Тілеуберді.
Оқымай өтіп кетпеңіз:
https://dalanews.kz/sadak/73720-putin-donecki-men-luganskini-moyynda