Путин? Донецкі мен Луганскіні мойындамаймыз – Ердоған

Dalanews 22 февр. 2022 13:01 906

Ердоған Украинаның Донецкі мен Луганскі өңірлерін тәуелсіз деп таныған Кремльдің шешімін сынға алды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түркия президентінің айтуынша, мұндай мәселені таразыға тартпас бұрын тараптар оның салдары қандай боларын сарапқа салуы керек еді.

"Кремльдің ұйғарымымен келіспейміз. Мұндай шешім қабылдау ақылға сыймайды. Тараптар халықаралық құқықты табанға таптамауы тиіс", – деді Ердоған.

Түркия президентінің позициясын елдің Сыртқы істер министрлігі кеңінен тарқатып, арнайы мәлімдеме жасады.

Министрлік Донецкі мен Луганскіні Киевтен бөліп алып, тәуелсіз деп таныған Кремль әрекеті Минскі келісімшартына қайшы екенін еске салды.

"Ресей билігі осы арқылы Украинаның саяси және территориялық тұтастығына тұмсық тығып отыр", – деп атап өтті ведомство өкілі. 


Ердоғанның атап өткеніндей Түркия Кремльдің шешімін назарға алып, шұғыл түрде қауіпсіздік шараларын күшейтуі керек.

"Қара теңізбен шектесетін ел ретінде мұндай қауіп-қатердің алдын-алатын іс-шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жүрдектетуге мүдделіміз. Біз өз бағытымыздан таймай, Қара теңіздегі ықпалымызды жоғалтпауға күш саламыз", – деді Түркия басшысы.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізу туралы ұсыныс білдірген. "Оның құрамына Украина, Германия және Түркия кіруі тиіс", – деген еді Зеленский.

Ердоған Украина президентінің идеясын қолдап отыр. "Біз бұл бастаманы құптаймыз. Жиынға қатысып, өз ойымызды ортаға салуға әзірміз", – дейді ол.

Зеленскийдің пікірінше, әлемдік қауымдастық тарапынан Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік берілуі тиіс. Батыс пен Ресейдің ортасында іркіліп қалған Киев НАТО құрамына кіргенге дейін, БҰҰ -ға арқа сүйеп, ұйымның Ресей агрессиясына тежеу боларына сенеді.

...


Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда тікелей эфирде сөйлеген сөзінде Мәскеу Украина шығысындағы ресейшіл жікшіл мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындайды деп мәлімдеді.





Осыдан кейін телеканал арқылы "Донецк халықтық республикасы" және "Луганск халықтық республикасының" тәуелсіздігін мойындау жөнінде құжатқа қол қойылғанын көрсетті.

Путин Украинаны "Ленин құрып берген" Ресей облыстарынан құралған тарихы жоқ мемлекет деп атады. Егер "большевиктер құрып берген Украина нағыз декоммунизацияны қаласа, Ресей оны жасайды" деді Ресей президенті.

Путин сөзінде Совет одағы құлағаннан кейін ұлттық мемлекеттерді ұлтшылдар басып алғанын айтты. Оның сөзінше, Мәскеу соған қарамастан Киевпен қарым-қатынасты жалғастырды, бірақ бұл үшін сый-құрметке бөленбеді.

Путин Украинаны Ресейге қауіп төндіретін мемлекет деп мәлімдеді. Ол Украина қазір "қуыршақ режимдердің колониясы" болып тұрғанын айтып, осы үшін біздің елге аяқ астынан қауіп төнуі мүмкін деді.


"Егер мұны біздің ата-бабамыз естиін болса, бұған сенбес еді. Біз де сенгіміз келмейді",- деді президент. Оның сөзінше, Украина НАТО-ға кірген жағдайда, гипердыбысты зымырандар 5 минөт ішінде Ресейге жетуі мүмкін.

"Осыған байланысты Донецк халықтық республикасы мен Луганск халықтық республикасын мойындау қажет деп санаймын" деп мәлімдеп, Федерация кеңесін тиісті құжаттарға қол қоюға шақырды.

Жікшіл республикалар 2014 жылдың көктемінде өзін-өзі жариялаған. Ресей ол кезде мойындамаған. Бірақ Украинаның айтуынша, Ресей жікшілдерде астыртын әскери көмек көрсетіп келген.

Нәтижесінде жікшілдер Луганск және Донецк облыстарының аймағын бақылауға алды.

...


АҚШ президенті Джо Байден "ДХР" мен "ЛХР" жікшіл аймақтарына санкция салды. Жарлық Ақ үйдің сайтында жарияланды.





Құжат АҚШ азаматтарына "ДХР" мен "ЛХР" экономикасына инвестиция құюға тыйым салады. Бұған қоса, жікшіл аймақтарға АҚШ-тан тауар экспорттауға болмайды. Сонымен бірге, "ДХР" мен "ЛХР"-де жұмыс істегісі келген кез келген адамға санкция салынуы мүмкін.

Украинаның екі жікшіл аймағына қатысы бар мүлік АҚШ-қа түскен жағдайда, ол бірден бұғатталады.

АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд шұғыл жиналыста сөйлеген сөзінде Путин "Минск келісімінің түгін қалдырмады" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу Ресей империясының Совет Одағына дейінгі 100 жыл бұрынғы аймақтарын қайтарғысы келетінін мәлімдеді.

"Путин әлемді Біріккен ұлттар ұйымы жоқ, империялар басқарған уақытқа кері шегергісі келеді. Бірақ әлем ілгері жылжып кетті. Қазір 1919 жыл емес, 2022 жыл", – деп мәлімдеді Томас-Гринфилд.


Шұғыл жиналысты өткізуді Украина, Франция және Еуроодақ сұраған. Бұған Ресейдің "ДХР" мен "ЛХР" аймақтарын тәуелсіз ел деп мойындауы себеп болды. 22 ақпанда түнде мұндай жоба Мемлекеттік дума мақұлдауына жолданды.





https://dalanews.kz/news/73731-prezident-qauipsizdik-kengesining-shug

Рекомендовать
Последние новости