Ұлттық паралимпиада құрамасы Бейжіңге аттанады

Dalanews 23 февр. 2022 10:46 715

Ұлттық паралимпиада құрама командасы 25 ақпанда Алматы қаласынан XIII қысқы Паралимпиада ойындарына аттанады. Құрама команданың ресми тасымалдаушысы - «Эйр Астана» әуекомпаниясы.

Бейжің-2022 қысқы Паралимпиада ойындарына қазақстандық делегация короновирус індетіне қарсы барлық санитарлық шараларды қолданып, қатаң карантин режимінде аттанады. Соңғы үш жеті бойы паралимпиадашылар Алматы обылысы Талғар ауданындағы «Алатау» шаңғы-биатлон комплексінде карантин режимін қатаң сақтап, Паралимпиада ойындарына ақтық оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

«Паралимпиада ойындары -  әлемдік спорттық қауымдастығы үшін ең маңызды спорттық шара. Соңғы жылдары, біз спортшыларымыздың тұрақты өсуіне, ойындардың «географиясының» кеңеюіне және әлемдік қоғамдастықтың назары артып келе жатқанына куә болып отырмыз. Паралимпиада спортшылары, сендер кедергілер мен қиындықтарды сенімді еңсеріп, бізге батылдықтың қандай болатындығын өз үлгілерінде мақсатқа жету арқылы дәлелдеп жүрсіңдер. Сіздерге сәттілік, өзіңізге деген сенім мен берік рух тілеймін»- деп Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қ.Боранбаев спортшыларға арналған үндеуде атап өтті.

Паралимпиада спортшыларына атақты әртістер де қолдау көрсетті. Қысқы Паралимпиада ойындарының алдында әнші, композитор Ерлан Байбазаров паралимпиада спорты туралы «Жаса» атты әнін жазды. Атап өтетін болсақ бұл қазақстандық репертуардағы паралимпиада спорт түрлеріне арналған алғашқы ән. Ән Ұлттық паралимпиада комитетінің спорттық шаралар мен жарыстарын өткізу барысында қолданылатын болады.

            «Токио паралимпиада ойындарының жетістіктерін көріп, шабыттанғаным соншалық, сол паралимпиадашылар туралы ән жазғым келді. Негізгі тіректі ойлағанда, Ғалымжан Сандалидің жазған әуенінен "Жаса, параспорт! Параспорт, Алға!» деген үзіндісі есіме түсті. Әуеннің сөздерін жазған  Евгений Кечин мен Рамазан Амантай. Сөздері өте қарапайым, есте сақтау оңай. Аранжировкамен Ықылас Нұғманов айналысты. Біз паралимпиадашылар мен олардың жанкүйерлері арасындағы бірлік пен ынтымақтастық сезімін бейнелейтін ән жасай алдық деп ойлаймын. «Алекс» компаниясына, Ұлттық паралимпиада комитетіне және Паралимпиадалық жаттығу орталығына ән жазуға көмектескені үшін алғыс білдіремін», - деді Ерлан Байбазаров.

Ерлан Байбазаров режиссер Олжас Нурбаймен бірге «Жаса» әніне бейнеклип түсірді. Бейнеклиптің тұсаукесері ағымдағы жылдың 23 ақпанына "GAKKU" телеарнасының эфирінде шығады деп жоспарланған.

            «Спортшылармен кездесіп, бірге жұмыс істегеннен кейін сезім мен эмоциялардың тұтас палитрасын сезіндім. Оның ішінде: таңдану, оптимизм, қайсарлық пен жеңіс салтанаты. Клипті түсіру барысында төрт мақсатты көздедім. Біріншіден, мүгедек балаларға және олардың ата-аналарына үміт пен мүмкіндіктін бар екенін жеткізу, екіншіден, паралимпиадашыларға құрмет көрсету. Үшіншіден, көрермендерге адам мүмкіндігінің шексіздіген көрсету. Клиптің төртінші және ең маңызды мақсаты — инклюзивті қоғамды дамыту және мүгедектігі бар адамдардың ахуалдарын жеткізу. Клипте сіз нақты паралимпиадашылардың ойдан шығарылмаған оқиғаларын көресіз. Біз мүгедектігі бар адамдарды неғұрлым жиі айтып, көрсететін болсақ, олар біздің ортада соғұрлым маңызды және елеулі болады", - деп атап өтті клиптің режиссері Олжас Нұрбай.

Оған қоса әлеуметтік желіде (Instagram) «Паралимпиада спортшыларына жылы тілектеріңді жолда» атты шара іске қосылады. Онлайн шараға атақты музыканттар, спортшылар мен қоғам белсенділері қатысады. Аталған шараға Қазақстандағы паралимпиада қозғалысынының символы бейнеленген арнайы қолғаптар тоқылды. Жылы сыйлықтар Қазақстан паралимпиада спортшыларын қолдау мақсатында Ұлттық Паралимпиада комитетінің серіктесі McDonalds компаниясы жасады.

Рекомендовать
Последние новости