Пенжім? Түні бойы көз ілмедім. Жастардың басссыздығын көріп отырмын - аудан әкімі

Dalanews 29 окт. 2021 04:17 806

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, Панфилов аудандық Полиция бөлімінің бастығы Жандос Кавлиев және Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев 27 қазанда мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болған Пенжім ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Кездесуге қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты.

Мен мұнда түні бойы болдым. Жастардың бассыздығын көріп отырмын. Олар мектеп жанжалын өршітіп, жергілікті тұрғындарға зиян келтірді. Мен ақсақалдар мен жергілікті тұрғындарды балаларды бір-бірін құрметтеуге үйретуге шақырғым келеді. Өмір бойы осы жерде тұрасыздар. Көршісіздер, доссыздар, әріптессіздер. Қуаныш пен қайғы-қасіретте де біргесіздер. Осы құндылықтардың барлығын балаларыңызға жеткізулеріңіз керек, - деді Талғат Өмірәлиев.

Сондай-ақ, кездесуде ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, бір-бірін құрметтеуге шақырды.

Жастар – еліміздің болашағы. Біз олардың тәрбиесіне барымызды салуымыз керек. Біз мұнда бейбіт-ынтымақта үнемі бірге тұрып жатырмыз. Бірақ мұндай жағдайлар бізді бүкіл елге жаман жағынан көрсетеді. Бұл – ұлтаралық қақтығыс емес, қарапайым бұзақылық. Мұның бәрін ниеті түзу емес адамдар пайдаланады. Тіпті, кездейсоқ өрт кешегі оқиғаның нәтижесі сияқты көрінді. Бірақ бұл олай емес. Бір-біріңізді құрметтеңіздер. Біз бір жерден, бір елденбіз. Біз бір үлкен отбасымыз, - деді Пенжім ауылының тұрғыны Аутжан Хамраев.

Өз кезегінде Панфилов аудандық Полиция бөлімінің бастығы аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 106-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Өзара сөзге келудің соңы мектеп оқушылары арасында төбелес шықты, бұл бұзақылыққа әкеліп соқты. Кейбір адамдар жағдайдың мәнін түсінбестен, ауылда бұзақылық жасай бастады, бұл толқуға әкелді, - деді Жандос Кавлиев.


Бас дәрігердің медициналық көмек сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Ержан Қожахметовтың айтуынша, 2005 жылғы жасөспірім ашық бас сүйек-ми жарақатын, ауыр дәрежедегі бас миының жарақатынан кейінгі субдуральді гематома, 2-3 дәрежелі травматикалық шок алған. Сонымен қатар екінші науқас ашық бас сүйек-ми жарақатымен орташа ауырлықта ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінде ем алуда, есін жинады.

27 қазанда Панфилов ауданының орталық ауруханасына Пенжім кентінің мектеп аумағынан дене жарақатымен 16 жастағы жасөспірім түсті. Тексеру барысында 9-10-сынып оқушылары арасында сөзге келудің арты төбелеске ұласып, оның сол кезде зардап шеккені анықталды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, жанжалға қатысушылардың барлығы анықталды.

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскен 2005 жылғы оқушының жалпы жағдайы ауыр деп бағаланатынын хабарлады (ол ашық бас сүйек-ми жарақатын алды).

Рекомендовать
Последние новости