Павел Дуров қырғыздардың ірі жобасына инвестор болуы мүмкін

Қаракөз Амантай 14 июн. 2024 11:13 4601

Ресейлік кәсіпкер, Telegram және VK әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы Павел Дуров бірқатар блогермен Қырғызстанның Ыстықкөл аймағына сапар жасап, ауқымды жобаға инвестиция салу туралы қызығушылығы артты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазіргі уақытта үкімет "Үш шың" тау шаңғысы курортына инвестиция тартуды көздеп отыр. Сондықтан жергілікті билік кәсіпкердің бұл іске бас сұғуы жобаның әлеуетін айтарлықтай арттырады деген пікірді алға тартады. Дуровтың инвестор ретінде төбе көрсетуі қосымша капитал тартып, жарнамалық қолдау көрсете алатын стратегиялық қадам ретінде қарастырылады.

Айта кетейік, Дуров ресейлік блогер Гусейн Гасановпен бірге сапарда жүр. Дереккөздер оны жергілікті билікпен келіссөздер барысында делдал рөлін атқара алады деп болжайды.

Дуров пен Гасановтың Қырғызстанға табан тіреуі жергілікті тұрғындардың назарынан тыс қалған жоқ. Олар жақында Чолпон-Атадағы Петроглифтер саябағында көзге түсіп, халықтың үлкен толқуын тудырды. Көпшілік бұл мәртебелі сапар нақты инвестициялық жоспарларға жол ашып, жергілікті экономиканы айтарлықтай көтереді деп үміттенеді.


Рекомендовать
Последние новости