Әкесі Назарбаевқа кіріп шықты, екі-үш күннен кейін Сағадиев министр боп шыға келді - профессор

Сағыныш Сардарова 10 июн. 2024 15:49 8545

Экономика ғылымдарының кандидаты, оқытушы, профессор Жанкелді Шымшықов Сағадиевке қатысты көп айтылмайтын әңгіменің шетін шығарды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ғалым "Болашақ" бағдарламасына қатысты пікір білдіріп, тоқсаныншы жылдардағы бір кейсті әңгімеледі. 

"Тарихи бір дерек келтірейін. Республикалық газеттерде, телекомпанияларда тоқсаныншы жылы үлкен шу шыққан. Шетеле оқып жүрген үлкен азаматымыз көбіне карта ойнаумен, тағы басқамен айналысқан. Содан кейін бітіріп келіп, министрлік дәрежесіне дейін көтерілді. Жұрттың бәрі сол кезде оның сондай болғанын ұмытып кетті.

Әкесі Назарбаевқа кіріп шықты. Мен жай бармайды бірден білдім. Оны барды деп жариялады. Екі-үш күннен кейін баласы министр болып шыға келді. Білесіз ғой кім екенін?! Сағадиев деген азамат. Сондай шу болған. Содан кімнің баласы оқуға түскенін, қандай нәтиже бергенін түсінуге болады", - дейді профессор "Қасқа жолға" берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2016-2019 жылдары Сағадиев білім және ғылым министрі қызметін атқарған еді.

Ал оның әкесі Кенжеғали Сағадиев экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3 және 4-шақырылымдарының депутаты, ҚР ҰҒА академигі президенті болған.


Рекомендовать
Последние новости