Орал қаласында жол жөндеу жұмыстары дауға ұласты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қала әкімдігі жазғы маусымды тиімді пайдалана алмай, жөндеу жұмыстарын күздің соңына қарай бір-ақ бастаған. Соның салдарынан кейбір учаскелерде мердігер ұйымдар асфальтты лай мен суланған топырақтың үстіне төсегені жөнінде шағымдар көбейді деп хабарлайды Dalanews.kz.
Халықтың айтуы бойынша, жол құрылысының мұндай әдісі сапаның төмендеуіне әкеліп қана қоймай, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына себеп болуы мүмкін. Бұл жағдай Президенттің мемлекеттік қаражатты үнемді әрі тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасына қайшы келетінін айтушылар да бар.
Қазақстан заңдарында жол сапасына жауаптыларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанымен, оның іс жүзінде орындалуы сирек кездестетіні айтылуда.
