Миллиардер Тимур Турлов «Шахтёр» футбол клубын сатып алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын бүгін өткен аукционда Freedom Holding Corp. тобына қарасты, кәсіпкер Тимур Турлов иелік ететін компания сатып алды.
Тимур Турлов Қарағанды футболын дамытуға 18,5 млрд теңге бағытталатынын айтты. Оның ішінде 12 млрд теңге – футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңге – өңірдегі балалар-жасөспірімдер футболы мен бұқаралық спортты дамытуға жұмсалмақ.
