25 қараша күніне арналған күн райының болжамы

Асель Қайратқызы 25 нояб. 2025 07:00

25 қарашада Қазақстанның 14 өңірінде және Астанада дауылды ауа райы күтіледі  деп хабарлайды Dalanews.kz  «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Батыста, Орталықта, Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

25 қарашада Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15–20 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман болады. Күндіз солтүстік бөлігінде оңтүстік, оңтүстік-батыс желінің екпіні 15 м/с жетеді.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында түнде қар, боран және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде қар,  боран, көктайғақ, күндіз шығыста, оңтүстікте қар,  боран және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15–20 м/с.


Рекомендовать
Последние новости