Алматылықтардың көліктері жаппай айыппұл тұрағына қойылып жатыр

Сағыныш Сардарова 25 нояб. 2025 16:35

Алматылықтардың көліктері жаппай айыппұл тұрағына қойылып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көлікке салық берешегін өндіру мақсатында "Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

"Борышкерлердің көліктері "Сергек" камераларының көмегімен анықталады және берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады. Бүгінгі таңда көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек - 4,5 млрд. теңге.  Берешектің негізгі бөлігі қозғалтқыштың үлкен көлемі 4000 текше см-ден асатын көліктерге тиесілі", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті тез арада салық берешегін өтеуге шақырды.


Рекомендовать
Последние новости