Ақмола облысында полицейлер 24 миллион теңге ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, Ақмола облысының полиция қызметкерлері Аршалы ауданында автокөлік салонынан жоғалған ірі көлемдегі ақша ұрлығын жедел түрде ашты.
Қылмыс туралы арыз 20 қарашада Аршалы аудандық полиция бөліміне келіп түсті. Жергілікті кәсіпкердің айтуынша, белгісіз тұлғалар салонында 24 миллион теңге болған Mercedes-Benz автокөлігін айдап әкеткен.
Хабарламаны тіркегеннен кейін полицейлер жедел-іздестіру әрекетіне кірісті. Іс-қимыл алгоритмі әзірленді, ұрланған көлікті іздеуге Ақмола облысының да, Астананың да патрульдік полициясының экипаждары қосылды. Құқық қорғау органдары іргелес аумақтарды, күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыттарын пысықтады, олардың жеке басын анықталып, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерілді.
Үш күннен кейін Аршалы ауданының аумағында полицейлер Қызылорда облысының 27 және 29 жастағы екі тумасын ұстады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу аясында полицейлер мән-жайларды анықтауда, сондай-ақ, ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы болуы анықталып жатыр.
