Күн сайын 137 әйел мен қыз балалар жақындарының қолынан қаза табады — БҰҰ

Қаракөз Амантай 25 нояб. 2025 10:53

БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) мен “БҰҰ-Әйелдер” ұйымының жаңа есебінде былтыр әлемде 83 мың әйел мен қыз балалардың қасақана қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның 60 пайызы, яғни 50 мыңнан астамы, өздерінің серіктестері немесе туыстары тарапынан мерт болған. Бұл – әлемде әр күні 137 әйел мен қыздың үй ішіндегі зорлық-зомбылықтан көз жұматынын көрсетеді.

Салыстырмалы түрде алғанда, ерлерге қатысты адам өлтіру қылмыстарының тек 11 пайызы ғана отбасында жасалған.

БҰҰ ЕҚББ басшысы міндетін атқарушы Джон Брандолино әйелдер үшін үйдің әлі де "қауіпті, тіпті кей жағдайда өлімге әкелетін орын" болып отырғанын атап өтіп, фемицидтің алдын алу шараларын күшейтуге шақырды.

Есепте көрсетілгендей, мұндай қылмыстардың ең жоғары деңгейі Африкада тіркелген.


Рекомендовать
Последние новости