Астанада оқушының жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сағыныш Сардарова 25 нояб. 2025 15:25

Астанада оқушының жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, 24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызы үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.
"Оны іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жоғалған оқушының денесі Есіл өзенінен табылды.

Рекомендовать
Последние новости