2024 жылы 6,5 жылға сотталған, "Айка" лақапатымен танымал Айғаным Мырзахметованың жазасын өтеу мерзімі екі жылға шегерілді. Енді ол пробациялық бақылауда болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Абай облысы Жарма ауданының соты сотталған М.-нің жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішін қараған. Бұған себеп - оның кішкентай баласы болуы.
Сот мәліметінше, Айканың 2020 жылы туған баласы бар. Сот оның жазаны кейінге қалдыру туралы өтінішін қанағаттандырған.
Өтінішті қарау барысында Айканың қорғаушысы, №23 мекеме өкілі және прокурор бұл өтінішті қолдаған.
Еске салайық, 2024 жылы 21 мамырда Алматының Әуезов аудандық соты блогерді аса ірі мөлшерде психотроп затты заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау, жеңгетайлық жасау деректері бойынша кінәлі деп тауып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
