Жантүршігерлік жағдай: Астанада жоғалған оқушының денесі Есіл өзенінен табылды

Cағыныш Сардарова 25 нояб. 2025 13:14

Астанада із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысын іздеу жұмыстары аяқталды. Қыздың денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

24 қарашада кешкісін сағат шамамен 18:30-да үйден шығып кеткен қызымен байланыс үзілгенін айтқан әйел полицияға жүгінген.

Осы ақпараттан кейін полиция қызметкерлері мен еріктілер бірден іздеуге кірісіп, жақын маңдағы аумақтарды және жағалауды тексерген.

Куәгердің айтуынша, таңғы алты шамасында қыз көпірден өзенге секіргенін көрген. Бірнеше сағатқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін оқушының денесі судан шығарылды.


Рекомендовать
Последние новости