Иранда наразылыққа шыққандар өлім жазасына кесілуі мүмкін

Самал Асқар 10 янв. 2026 10:58

Иран билігі наразылық акцияларына қатысушыларға қатысты "мемлекетке қарсы соғыс" бабы бойынша ең қатаң жаза қолдануға ниетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тегеран прокуроры Али Салехидің айтуынша, өрт қою, мүлікті бүлдіру және қауіпсіздік күштерімен қақтығысқа қатысқан азаматтар өлім жазасына кесіледі.

"Біздің жауабымыз тосқауыл болатындай болады, ал олардың үкімі – “мохаребех”, яғни мемлекетке қарсы соғыс", – деді Салехи.

Иран заңнамасына сәйкес, "мохаребех" бабы бойынша айып тағылған тұлғаларға өлім жазасы қарастырылған. Бұл шешім елдегі наразылық толқыны аясында қабылданып отыр.


Рекомендовать
Последние новости