9 қаңтар күні Түркістан облысы Созақ ауылында қауіпті жағдай болды. Көше шамына жалғанған электр сымдары бір-біріне тиіп, ашық ток пайда болған. Сол жерден өткен сиыр сымға тиіп, ток соғып өліп қалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиғаны жергілікті тұрғын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге тарады. Тұрғындар бұл жағдайға қатты алаңдап отыр. Олардың айтуынша, егер сиырдың орнына адам жүргенде, ауыр қайғылы жағдай болуы мүмкін еді.
Ауыл халқы электр желілерінің қауіпсіздігіне жауапты мекемелерден сымдарды тексеріп, ақауды тез арада жөндеуді сұрап отыр.
Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты жауапты органдардың ресми жауабы әлі берілген жоқ.
