Иран Израиль мен АҚШ базаларына соққы жасауға дайын

Dalanews 11 янв. 2026 13:15

Иран парламентінің спикері Мұхаммад-Бақер Ғалибафтың айтуынша, егер Вашингтон тарапынан шабуыл жасалса, Иран Израильге және өңірдегі АҚШ-тың әскери базаларына соққы беруге дайын, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұған дейін The New York Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға соққы берудің бірнеше нұсқасын қарастырып жатқанын, бұл жөнінде әскерилер баяндама жасағанын, алайда оның «соңғы шешім қабылдамағанын» хабарлаған болатын.

Алдыңғы күні Трамп Ирандағы наразылықтар аясында иран халқына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости